28 қаз, 2025 сағат 11:25

Мөлдір Әуелбекова марапатсыз қалғанына ренішін білдірді

Фото: Instagram.com

Әнші Мөлдір Әуелбекова Республика күніне орай өнер адамдарының марапатталуынан кейін өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Ult.kz.

«Барша өнер майталмандарын марапаттарымен құттықтаймын! Әсіресе, өзімнің апайларымды — әбден лайықтысыздар! Маған ешқандай марапат жоқ. Сол үшін әкемнен әдемі гүл шоқтары! Рақмет, пап! Ал ең керемет марапат – сіздердің қолдауларыңыз», – деп жазды әнші.


Желі қолданушылары Мөлдірге жылы пікірлер қалдырып, оның еңбегі мен таланты кез келген марапаттан жоғары екенін атап өтті.

«Сіз «Халық әртісін» бір-ақ аласыз әлі», «Саған халық әлдеқашан ықыласын беріп қойған», «Сіз ең жоғары марапатқа лайықсыз», «Әлі ерте, жассың. Қыз Жібек әпкеміздің өзі «Халық әртісін» енді алыпты», – деп жазды оқырмандар.