Қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгін фристайл-могулдан ерлер арасында іріктеу кезеңдері өтті. Қазақстан құрамасынан Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд қатысты.
Іріктеу кезеңінде 74.90 ұпайын еншілеген Рейхерд финалға шықты. Ал Колмаков іріктеу кезеңін 11 орынмен аяқтады.
Финал елорда уақытымен сағат 17:30-да басталады.
Еске сала кетейік, Бейжіңде спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысуда. Олар 87 жолдама жеңіп алды. Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл, акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түспек.