16 шіл, 2025 сағат 11:09

Мирас Мүлкәй БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды


Фото: aikyn.kz
Мирас Мүлкәй БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz

Бұған дейін 36 жастағы Мирас Мүлкәй өңірдің энергетика және ТКШ басқармасын басқарған.

Бүгін, 16 шілдеде Президент Әкімшілігімен келісім бойынша облыс активіне БҚО әкімінің жаңа орынбасары таныстырылды. Бұл лауазымға соңғы екі жыл ішінде өңірдің энергетика және ТКШ басқармасын басқарған 36 жастағы Мирас Мүлкәй тағайындалды. 

Мирас Мүлкәй осы лауазымда Бақытжан Нарымбетовтың орнына келді, ол 2025 жылдың сәуір айының соңында Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. БҚО-да ол денсаулық сақтау, энергетика, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс мәселелеріне жетекшілік етті.

Мирас Мүлкәй Батыс Қазақстан облысының тумасы. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Қаржы" мамандығы бойынша және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін "Құрылыс" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Орал қаласы ТКШ, ЖМ және АҚ бөлімінің статисті болып бастаған. Әр жылдары абаттандыру секторының бас маманы, меңгерушісі, ТКШ бөлімі басшысының орынбасары, сондай-ақ қалалық құрылыс бөлімін басқарды.

2019 жылы Орал әкімінің орынбасары болып тағайындалды.  2023 жылдың 17 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысының энергетика және ТКШ басқармасын басқарды.