Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева ауыр жарақат алған Денис Тенді тасымалдау кезінде клиниканы таңдау шешіміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, Дениске жедел жәрдем шақыру сағат 14:56-лар кезінде түскен. Сәйкесінше, бұл мәлімет «С30» ретінде белгіленді, яғни бұл адамның өміріне қауіпті дегенді білдіреді.
Көлік сағат 14:58-де оқиға орнына аттанып, 10 минуттан кейін Дениске жетті. Бұдан кейін жедел жәрдем сағат 15:12-лер кезінде оны Орталық қалалық клиникалық аруханаға апаруға бағыт алып, спортшы ол жерге сағат 15:23-те жеткізілді. 2 сағат 7 минут бойы жүрек-өкпе реанимациялық әрекеттері жасалды, алайда барлық шараларға қарамастан, сағат 17:30-да биологиялық өлім тіркелді.
«Науқасты ең жақын орналасқан клиникаға жеткізу туралы министрдің бұйрығы бар. Бригада толық медициналық көмекті көрсету үшін Орталық қалалық клиникалық аурухана жақын екенін бағамдады»,- деді вице-министр.
Сонымен қатар ол шұғыл-хирургиялық бөлімше Орталық қалалық клиникалық аурухана да бар екенін атап өтті.
«Ең бастысы, науқасты ауруханаға жеткізу кезінде барлық реанимациялық іс-шаралар жасалды. Бұл уақытылы жасалуы тиіс әрекеттер. Сондай-ақ ауруларды қабылдау бөлмесі аптасына жеті күн бойы 24 сағаттық режімде жұмыс істейтін стационарға жеткізу өте маңызды», - деді вице- министр.
Оның айтуынша, жедел жәрдем бригадасы тексеру барысында Денис Тен есін білмей жатқан. Оның артериялық қысымы да анықталмады, яғни спортшының ахуалы клиникалық өлім жағдайы ретінде бағаланды.
Денисті ауруханаға тасымалдау процесінде жүрек-өкпе реанимациясы мен өзге де қажетті шаралар жасалды.