02 шіл, 2021 сағат 18:32

Министрлік қазақстандық спортшылар биылғы Олимпиадаға неге аз лицензия алғанын түсіндірді


Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Токио Олимпидасына қатысатын спортшылардың неге аз екенін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«96 лицензия бойынша, жалпы лицензия жүйесі қалай екенін түсіндіре кеткім келеді. Білетін шығарсыздар, Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың саны Риодағы ойындарға қарағанда 10 пайыз аз. Халықаралық Олимпиада комитетінің түрлі себептермен бұлайша қысқартуы бүкіл іріктеу кезеңінде жүрді. Бұл Қазақстан үшін Рио Олимпиадасына қарағанда 33 спортшыға аз болып отыр», - деі ол Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде.

Комитет өкілі лицензия саны бұған дейінгі Олимпиада ойындарындағыдан аз болғанымен, отандық спортшылар медальға таласатын спорт түрлері көбейгенін атап өтті. 

«Мысалы, Риода ауыр атлетикадан 8 спортшы қатысса, қазір екі адам қатысқалы отыр. Осынша квота берілгендіктен оны кеңейту мүмкін болмады. Немесе Риода бокстан тұтас команда сайысқа түссе, биыл іріктеу турнирлері қысқартылғандықтан лицензия саны аз болып тұр. Халыақаралық бокс федерациясы іріктеу турнирлерін бірнеше себептер бойынша қайта жандандыра алмады. Осылайша лицензиялар қысқарды. Атыс, ескек есу сияқты басқа спорт түрлерінен де дисциплиналар қысқарды. Бұл өзгеріс бізге ғана емес, барша елдерге әсер етті. Сондықтан абсолютті сандарға байланып қалудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Одан да әлемдік спорттағы жағдайға қарау керек. Кәсіби маман ретінде сайысқа баратын қазіргі команда өте мықты екенін айта аламын», - деді Андрей Крюков.