06 ақп, 2025 сағат 15:52

Министр Ақмарал Әлназарова сүйек кемігінің доноры болды

Фото: instagram.com/akmaralalnazarova

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына барып, сүйек кемігі донорларының ұлттық реестріне тіркелу үшін донация рәсімінен өткенін айтты, деп хабарлайды Ult.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Министрдің айтуынша, елімізде орта есепте 8 000-нан астам қан обырымен ауыратын пациент бар.  

"Олардың көпшілігі үшін қалпына келтірудің жалғыз үміті – сүйек кемігін трансплантаттау. Алайда туыс емес донорлар мен реципиенттердің арасындағы үйлесімділік ықтималдығы 10 000 жағдайға шаққанда 1-ді құрайды. Бұл донорлар тізімін кеңейту қажеттілігін одан да өзекті етеді", – дейді Ақмарал Әлназарова. 


Министр бүгінде Гемопоэздік дің жасушалары донорларының ұлттық реестрінде (ГДЖ) 12 742 әлеуетті донор бар екенін мәлімдеді.