Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, осы күндері Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің жарыстары өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының мүшесі Милад Карими еркін бағдарлама бойынша чемпион болды. Ол финалда 14.833 ұпай еншіледі.
14.133 ұпаймен жергілікті спортшы екінші болса, Ұлыбритания өкілі 14.066 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады.