14 қар, 2025 сағат 11:08

Михаил Ломтадзе астаналық футбол клубын сатып алды

Фото: Prosports.kz

Қазақстандық кәсіпкер, миллиардер Михаил Ломтадзе ресми түрде «Жеңіс» футбол клубын сатып алды. Бұл туралы клуб тарапынан бүгін хабарланды.

Бұған дейін Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі футбол академиясын құру жоспарымен бөліскен болатын. Енді белгілі болғандай, аталған академия Астанадағы «Жеңіс» клубының базасында салынбақ.

Жоба бойынша жас футболшылар халықаралық стандарттарға сай, тегін жаттығу мүмкіндігіне ие болады. Академия қазақстандық таланттарды кәсіби деңгейде тәрбиелеуді көздейді.