«Барселона» футбол клубынан кеткен аргентиналық футболшы Лео Месси жаңа клубқа қатысты өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
«Алты мәрте «Алтын доп» иегері атанған аргентиналық шабуылшы Лионель Месси өз мансабын «ПСЖ» клубында жалғастырады», - деп мәлім етті Marca.
Бейсенбі күні «Барселона» Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын хабарлаған еді.
Испаниялық газеттің жазуынша, «ПСЖ» - Мессиді сатып алғысы келетін бәсекеге қабілетті жалғыз клуб.
Ағылшындық «Манчестер Сити» футболшы үшін күрестен бас тартқан.
Айта кетейік, Месси «Барселонадан» кететіні жөнінде жарияланғаннан кейін Қазақстанның «Тұран» футбол клубы оны елімізге шақырды. «Лео Месси, сізді Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанға шақырамыз!» деп жазды клуб әлеуметтік желіде.