Фото: Sadaq.kz
25 шілде күні Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінен шығатын жерде белгісіз ер адам келуші қыздың жолын бөгеп, бір реттік некеге отыруды ұсынған, деп хабарлайды Ult.kz.
Қыз ер адамның ұсынысын видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде жариялады.
Ақтөбе облысы полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ер адамның жеке басы анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді.
Құқықбұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігі жөнінде қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Материал сотқа жіберілетін болады.
