Семейлік танымал жас ақын Мерей Қарттың бір топ өлеңін оқырман назарына ұсынамыз.
***
Аспан жақтың үлегі ме,
Мамық бұлттар мамырлап...
Сапар шектім жыр еліне,
Басым мұңнан ауырлап.
Қазына бар қанжығамда,
Қаракөз қыз теңдеген.
Жап-жас күйде алжығам ба?!,
"Ажал жоқ!" деп сенбек ем.
Күннің мынау қас-қабағы...
Жетелейді жол қайда?!
Былай шырқар Аспан әні:
"Жерұйық жоқ" шалғайда!".
О, Сұржекей, нәзік құрбым,
Өлеңнен кім бақ тапты?!
Жерұйыққа кезіктіргін,
Мына мендей ақымақты!
Қапаланған көңіл құсап,
Қап-қараңғы мылқау - мен.
Қамшым қалды тобылғы сап,
Қайтып келем сылтаумен.
Бұла қыз
Қайран тағдыр!..
Қазбауыр
Бұлттар көшті кіл абыз.
Жанарымда - жазғы ауыл.
Жан-дүниемде - бұла қыз!..
Қошы да ерен түсімнің!
Көңілімде гүл бүрлеп!..
Сүйгеніме ұшырдым
Сөз құстарын бір-бірлеп.
Жұлдыздарды самсаған,
Ой-санама түнеттім.
Айлы мұңды аңсаған
Адасқақтау жүрекпін.
Арманшылмын.
Ал, енді...
Жаңбыр әні жадымда.
Аспан сүйіп төбемді,
Дәт те жудым сағымға.
Мен солайша аңғардым,
Келе жатыр күнә-күз.
Ғашық болып нем бар-ды,
Жындандырды-ау бұла қыз!..
Көкжалдың күрсінісі
Көкірек-көзбен Көкке өрлеп,
Айға азу биледім.
Бүлкек желіп, бөктерлеп,
Жол ұшында түнедім.
Жортып жүрмін ұзақ күн.
Жауға толы маңайым.
Тағдырымдағы тұзақтың,
Талқандадым талайын.
Садаға деп қақпанға,
Сирағымды қалдырдым.
Апаныма ақпанда,
Маңырақ жанын алдырдым.
Сорым қалың, бес елі.
Бек қорғаным – тау, далам.
Жапалақтап кешегі
жауған қар да – жау, маған.
Бұраң жолға бір қарап,
“О, Тәңір!...”-деп, аһ, ұрғам.
Ажал-оқтай жылдам-ақ,
Оқпанынан атылған.
Өзіме өзім қырсығып,
Жаным толған тағы шер.
О, тасбауыр тіршілік,
Ал, қайсымыз қанішер?!
***
Санам іші сағым ба көкшіл керім?..
Танытарма мына өмір ақ-қарасын...
Кейіпке еніп адамдық,
Өз сүйгенін
Іздеп шыққан мен де, бір – Шөп Баласы.
Жел бір иіскеп шетеннің дудар шашын,
Мен бір иіскеп...
Жылаған көңіл масаң.
Күлгін күліп дәтіме уқорғасын,
Жарар еді жазмыштан жаңылмасам.
Құрақ ұшып алдымнан елбең көде,
Мұңданғандай болады тораңғы сәл.
Усойқыға, мияға, ерменге де,
Құр елтиді ақылым алаңғасар.
Қиял қуып қаңғырған мен – диуана.
Бөденелер шалғында жамырасқан.
Меңірейтіп миымды меңдуана,
Түсінбеді күйімді адыраспан.
Жыларымды білмеймін күлерімді,
Ғашық болмай, іштегі шер аңқыр ма!
Тыңдап көрдім талшынды, гүлерінді,
Ымдап көрдім мейірлі қалампырға...
Жан күйзелтіп жүрсем де, тән өртетіп,
Бұл сапарда белгілі тоқтамасым.
Мені мәңгі бақытқа кенелтетін,
Сен қайдасың, қошы ерен Шөп Баласы?!.
***
Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім,
Жүрегіммен оятам тастың мұңын,
Сұм ойлардан Санамды аластаған-,
-тамыріші ырылдақ қасқырлығым!
Тәңір құйған жаныма Бақ ілімін,
Тау мен тастың сіңірдім тағылымын.
Қаққа жарып тұманды, Хақ іздеген...
Ой ішінде жортады тағылығым!
Мына, бес күн жалғанның құны қайда?
Түнім – олжа болғанмен, күнім – айла...
Төбе басы ашынған Төбе Бидей,
Қасқырлығым тұрады ұлып Айға!
***
Ызамды келтірген,
Көңілдің қыжылы-ай!
Ішінен кертілген,
Мен де бір мүжік Ай!
Сен неге дірілдеп
Тіл қаттың тым әлсіз
Мен саған күбірлеп
Сыр айттым күмәнсіз.
Құс-қиял – арманым
Адасқан маусымнан.
Үмітсіз жалғаным,
Білтесі таусылған!
***
Қараша
Қоштасу айы – қараша.
Үйренді дәтім Жалғанға.
Мұңның өзі де – тамаша,
Өмірді ұға алғанға?
Адасқақтармыз – біз әлі,
Тағдырдың тармақ жолынан...
Алысқа құстар ұзады.
Еріп кетсем ғой соңынан!
Ыңылдап жүрсе үнемі,
Адамдар,
Мұңға бөленіп!
Кері ақпас уақыт, білемін.
Қоңырлау, сірә, өлеңім?
Шілік те, тал да қалтырап,
Шеңгел де тоңды-ау Түздегі.
Қайыңдарды да, балтыры ақ,
Өкпелеткендей Күз желі...
Қоштасу айы – қараша.
Мен бармын – үміт үзбейтін.
Қызғана сүйем оңаша,
Өмірдің осы қыз кейпін.
Сүмбіле
О, Сүмбіле сүттей-ақ,
ұзақ күнім қысқарды.
Қарашаны күтпей-ақ,
қыр асырдым құстарды.
Су сүйегін суыттың,
бүрістірдің бүргенді.
Сөз демімен жылыттым,
кеудемдегі гүлдерді.
Сүмбіл шашты бақтардың,
Йіскедім қошынан...
Сүмбілелі ақ таңның,
арайына асығам.
Жүрегімде – жыр ағын,
Оу, Сүмбіле біл мұны.
Аспан мен жер тұрағын,
алмасармыз бір күні!
Баспан Тау
Сенен құдірет сеземін, Баспаным нән,
арқар демі еседі қош қарыңнан.
Қызыл-жасыл жайнаған дүние-ай деп,
құбылады шуаққа таста қынаң.
Қарағаның, ол да әсем теңселеді.
қара қияң недеген еңселі еді!
шекесінен шық кеппес – мен де – шөбің,
Баспаным-ау, маған да сенсең еді!
Қабағыңда түксиген қалың мұнар,
жауын шақыр Ұлыңа, жалынқұмар!
Екіндіңнен еңкейсем,
маңдайымнан,
жұпарымен өбеді тобылғылар.
Талды-Базар тасыған – жиегіңде.
Мұз қатқан, мұртыңа да иегіңе.
Бауырыңа, Баспаным, мені де бас,
Сенімен бір – қаным да, сүйегім де.
Мерей Қарт 1989 жылы, желтоқсанның төрті күні, Шығыс Қазақстан Облысы, Тарбағатай ауданы, Үш-төбе ауылында дүние есігін ашқан. Филология ғылымдарының магистрі. Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының, әдеби бөлім меңгерушісі.
· Көңілім-ай әр неге шалқымалы,
Тебірентер қаздың да қаңқыл-әні!
Мына қайран өмірдің шын болмысын,
Кім біледі, көргем жоқ бәлкім әлі?!.
Талға қарап, жапырақтары тыраулаған,
Дөңбекшіген жүрегім мұң аулаған.
Көпке түгіл, кәдімгі шөпке де осы
Жетпей жүрген сияқты ұнау маған?!
Пендемін ғой мен де бір, мұңы қалың.
Өз ойымнан суына, жылынамын.
Сүйгендегі сезімім періште ме?
Қашан соны, шіркін-ай, ұғынамын!
· Бұла қыз.
Қайран тағдыр!..
Қазбауыр
Бұлттар көшті кіл абыз.
Жанарымда - жазғы ауыл.
Жан-дүниемде - бұла қыз!..
Қошы да ерен түсімнің!
Көңілімде гүл бүрлеп!..
Сүйгеніме ұшырдым
Сөз құстарын бір-бірлеп.
Жұлдыздарды самсаған,
Ой-санама түнеттім.
Айлы мұңды аңсаған
Адасқақтау жүрекпін.
Арманшылмын.
Ал, енді...
Жаңбыр әні жадымда.
Аспан сүйіп төбемді,
Дәт те жудым сағымға.
Мен солайша аңғардым,
Келе жатыр күнә-күз.
Ғашық болып нем бар-ды,
Жындандырды-ау бұла қыз!..
· Аспан жақтың үлегі ме,,
Мамық бұлттар мамырлап...
Сапар шектім жыр еліне,
Басым мұңнан ауырлап.
Қазына бар қанжығамда,
Қаракөз қыз теңдеген.
Жап-жас күйде алжығам ба?!,
"Ажал жоқ!" деп сенбек ем.
Күннің мынау қас-қабағы...
Жетелейді жол қайда?!
Былай шырқар Аспан әні:
"Жерұйық жоқ" шалғайда!".
О, Сұржекей, нәзік құрбым,
Өлеңнен кім бақ тапты?!
Жерұйыққа кезіктіргін,
Мына мендей ақымақты!
Қапаланған көңіл құсап,
Қап-қараңғы мылқау - мен.
Қамшым қалды тобылғы сап,
Қайтып келем сылтаумен.
Көкжалдың күрсінісі.
Көкірек-көзбен Көкке өрлеп,
Айға азу биледім.
Бүлкек желіп, бөктерлеп,
Жол ұшында түнедім.
Жортып жүрмін ұзақ күн.
Жауға толы маңайым.
Тағдырымдағы тұзақтың,
Талқандадым талайын.
Садаға деп қақпанға,
Сирағымды қалдырдым.
Апаныма ақпанда,
Маңырақ жанын алдырдым.
Сорым қалың, бес елі.
Бек қорғаным – тау, далам.
Жапалақтап кешегі
жауған қар да – жау, маған.
Бұраң жолға бір қарап,
“О, Тәңір!...”-деп, аһ, ұрғам.
Ажал-оқтай жылдам-ақ,
Оқпанынан атылған.
Өзіме өзім қырсығып,
Жаным толған тағы шер.
О, тасбауыр тіршілік,
Ал, қайсымыз қанішер?!
**
Әй, апыр-ай мына Қыс,
Көкейге үрей үрлеген.
Көктем неге тым алыс?!
Көңіл ғана бүрлеген.
Кеудемізде Күзде ұшқан
құс па әлде, елес пе?!
Мұңның бәрі, біз құұшқан,
Бақ сағымы емес пе?!
Ертіс беті тоң әлі,
Мұңнан тағы дір еттім.
Жауқазыны тоңады
Мен деп соққан жүректің.
Келгісі жоқ гүл – Көктем...
Кеткісі жоқ мына Қыс!
Ақылымды жынды еткен
қобызымен бір Абыз?!
Әлегі мол әр күнім
қабағыма қарамас.
Менің шіркін – Тағдырым,
Қар-жаңбыры аралас!
Санам іші сағым ба көкшіл керім?..
Танытарма мына өмір ақ-қарасын...
Кейіпке еніп адамдық,
Өз сүйгенін
Іздеп шыққан мен де, бір – Шөп Баласы.
Жел бір иіскеп шетеннің дудар шашын,
Мен бір иіскеп...
Жылаған көңіл масаң.
Күлгін күліп дәтіме уқорғасын,
Жарар еді жазмыштан жаңылмасам.
Құрақ ұшып алдымнан елбең көде,
Мұңданғандай болады тораңғы сәл.
Усойқыға, мияға, ерменге де,
Құр елтиді ақылым алаңғасар.
Қиял қуып қаңғырған мен – диуана.
Бөденелер шалғында жамырасқан.
Меңірейтіп миымды меңдуана,
Түсінбеді күйімді адыраспан.
Жыларымды білмеймін күлерімді,
Ғашық болмай, іштегі шер аңқыр ма!
Тыңдап көрдім талшынды, гүлерінді,
Ымдап көрдім мейірлі қалампырға...
Жан күйзелтіп жүрсем де, тән өртетіп,
Бұл сапарда белгілі тоқтамасым.
Мені мәңгі бақытқа кенелтетін,
Сен қайдасың, қошы ерен Шөп Баласы?!.
***
Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім,
Жүрегіммен оятам тастың мұңын,
Сұм ойлардан Санамды аластаған-,
-тамыріші ырылдақ қасқырлығым!
Тәңір құйған жаныма Бақ ілімін,
Тау мен тастың сіңірдім тағылымын.
Қаққа жарып тұманды, Хақ іздеген...
Ой ішінде жортады тағылығым!
Мына, бес күн жалғанның құны қайда?
Түнім – олжа болғанмен, күнім – айла...
Төбе басы ашынған Төбе Бидей,
Қасқырлығым тұрады ұлып Айға!
Иінағаш
Иығыңда талдырмаш,
Иінағаш тербелген.
Қылығыңа болдым мас,
алғаш сені көргеннен.
Кербез басып өткелге,
келдің тағы, қылықтым.
Көңілімді Көктемде,
шуағыңмен жылыттың.
Мойыныма қыз артқан,
су тасу да сылтауым.
Құлағымды қызартқан,
бұ, қызыл Тіл, мылқауым.
Бал-бұл жанып түр-өңім,
жанарым да жайнаған.
Бағынбайды жүрегім,
бұл, түрімен әй, маған!
Өткен күндер тәтті мұң,
өмір деген дегдар шын.
Иінағаш жоқ бүгін,
есесіне сен барсың.
***
Ызамды келтірген,
Көңілдің қыжылы-ай!
Ішінен кертілген,
Мен де бір мүжік Ай!
Сен неге дірілдеп
Тіл қаттың тым әлсіз
Мен саған күбірлеп
Сыр айттым күмәнсіз.
Құс-қиял – арманым
Адасқан маусымнан.
Үмітсіз жалғаным,
Білтесі таусылған!
***
Ескі әуенді ыңылдаймын,
Қара тауды қабырғалап.
Мұздатпайды мұңым, қайғым.
Көңілім бар қоңырқабақ.
Көтерілді Күн иегі,
Тартылыстың дүр күшінен.
Көру керек Дүниені,
Көкіректің дүрбісімен!
Қараша.
Қоштасу айы – қараша.
Үйренді дәтім Жалғанға.
Мұңның өзі де – тамаша,
Өмірді ұға алғанға?
Адасқақтармыз – біз әлі,
Тағдырдың тармақ жолынан...
Алысқа құстар ұзады.
Еріп кетсем ғой соңынан!
Ыңылдап жүрсе үнемі,
Адамдар,
Мұңға бөленіп!
Кері ақпас уақыт, білемін.
Қоңырлау, сірә, өлеңім?
Шілік те, тал да қалтырап,
Шеңгел де тоңды-ау Түздегі.
Қайыңдарды да, балтыры ақ,
Өкпелеткендей Күз желі...
Қоштасу айы – қараша.
Мен бармын – үміт үзбейтін.
Қызғана сүйем оңаша,
Өмірдің осы қыз кейпін.
Сүмбіле.
О, Сүмбіле сүттей-ақ,
ұзақ күнім қысқарды.
Қарашаны күтпей-ақ,
қыр асырдым құстарды.
Су сүйегін суыттың,
бүрістірдің бүргенді.
Сөз демімен жылыттым,
кеудемдегі гүлдерді.
Сүмбіл шашты бақтардың,
Йіскедім қошынан...
Сүмбілелі ақ таңның,
арайына асығам.
Жүрегімде – жыр ағын,
Оу, Сүмбіле біл мұны.
Аспан мен жер тұрағын,
алмасармыз бір күні!
***
Титтей де мұңыма татымай,
жылтырайсың-ау соқыр Ай.
Саған алданып, көз жаздым
сұлуымнан!
Апыр-ай!
Бұлданып, бұлтқа кіресің,
қараңғылмақпысың Түн Есін?
Жолымнан қалдым адасып...
неменеңе күлесің?
Өзім де, Көк те, жұлдыз да
Ие бола алмадық бір қызға!
Кімге енді мұңын шағады
Мендей ақымақ тым қызба!
Қазанның қарлы-жаңбыры.
Қазанның қарлы-жаңбыры!
еліктіреді ғажабың!
Көңілімнің де бар мұңы:
қимаймын әлі қаз әнін.
Қазанның қарлы-жаңбыры,
алақанымда ерідің.
Сүйемін бірақ әр күні,
Күздің жапырақ – ерінін.
Қазанның қарлы-жаңбыры,
татады сенен таңдай дәм.
Сайын даланың сан қыры
сағынышымнан сарғайған.
Қазанның қарлы-жаңбыры,
Менде жоқ – сенен түршігу.
адамдардың да тағдыры –
Қоштасу, жылау, күрсіну...
Күз.
Тоңазыған түздің гүлін,
Көңілімнен үздім бүгін.
Йіскедім өмір-ай деп,
күрең шашты Күздің мұңын.
Жазғырмадым жаздың бағын.
тамсай берем сөздің дәмін.
Қимастықпен қыр асырдым,
кеудемдегі қаздың бәрін.
Менің сырым Айға мәлім.
оңашада – Ой да қалың.
Жапырақтан – жүрек жасап,
жанарыммен аймаладым.
Беу, жүрегім жасын текті,
мына Күзде есім кетті.
Мауқын басып бұл маусым да,
құшағыма жасын төкті.
Бұлаң қаққан бұлағы да,
өксіді ме, жылады ма?!
Желдің мұңын өз мұңындай,
сыбырлайды құлағыма.
Ех, Күз деген күрсінсім,
жүрегімнің дүрсілісің.
Сен секілді мен де сірә,
керекпін-ау тылсым үшін?!
Қамшы!
Шабандоздан шыға қоймас серт жұтаң,
Атқа шапсам жалын құшып, өрт жұтам.
Сәйгүліктің көз сорасын сүртетін,
БӘЙГЕ ҚАМШЫМ
тобылғы сап, төрт тұтам.
Жылқы мінсем көңіл аумас күйбеңге.
Ыстық қаным тамырымда билеуде.
Талыс тері қақ айырылып кетеді,
ДОЙЫР ҚАМШЫМ
иіріліп тигенде.
Торыменен топқа кірсең ду аңсап,
Абырой ғой салым салып қуансақ!
Айбат берген, қайрат қосқан бойыма,
КӨКПАР ҚАМШЫМ,
жылан тері, жуан сап.
Арба шегіп, желісіне шалқымау,
Пай-пай деусіз, өткен өмір олқылау.
Дәрте басын үш айналып орайды,
СОПЫ ҚАМШЫМ
ұзын құлаш, жалқы бау.
Жылқы сырын бір адамдай түсінем,
Таңдап мінем тарланбозды ішінен.
Иіремін асауы көп үйірді,
Үш шығыршық
ҮЙІР ҚАМШЫ мысымен.
Жанға қуат сәйгүлікке бай далам
Тектілері тұғырынан таймаған.
Асау мінсем бас бермейтін, бағынбай
БАПТАУ ҚАМШЫМ
борбайында ойнаған!
Өмір мынау қысқа қамшы сабындай,
Арғымақ күн өтіп жатыр сағымдай,
Қара өлеңім бәйге бермес -Қара кер,
Келеді әне,
ауыздыққа бағынбай!
Баспан Тау.
Сенен құдірет сеземін, Баспаным нән,
арқар демі еседі қош қарыңнан.
Қызыл-жасыл жайнаған дүние-ай деп,
құбылады шуаққа таста қынаң.
Қарағаның, ол да әсем теңселеді.
қара қияң недеген еңселі еді!
шекесінен шық кеппес – мен де – шөбің,
Баспаным-ау, маған да сенсең еді!
Қабағыңда түксиген қалың мұнар,
жауын шақыр Ұлыңа, жалынқұмар!
Екіндіңнен еңкейсем,
маңдайымнан,
жұпарымен өбеді тобылғылар.
Талды-Базар тасыған – жиегіңде.
Мұз қатқан, мұртыңа да иегіңе.
Бауырыңа, Баспаным, мені де бас,
Сенімен бір – қаным да, сүйегім де.
Құзғын.
Құба Құздарға қалғыған,
қара бас құзғын саңғыған.
Алыстан ажал шақырып,
жыртқыштың жолын аңдыған.
Құсқа да, аңға түз қымбат,
Оларға сор ғой – біздің Бақ.
Не қайыры бар бірақ та?!
мың жасағаннан құзғындап.
Пенде де солай – ой күмән...
Жасырып кімнен қаймығам?
Дауа жоқ саған дүние,
Құзғын ұшыраған қойынан!
Илеу-Әлем.
Илеуіңе басымды иіп қарап ем,
Онда да – сол, абыр-сабыр бар Әлем
Алақаныммен аяласам,
Маған да
Қол созасың, беу, Құмырсқа қара мең!
Құлағыңа айтайыншы сыбырлап,
Біз де – сол, құмырсқалық ғұмыр-бақ.
Басыма да өрмелеп шық!
Еркеле!
қозықұлақ сый әкелдім ырымдап.
Сәлем болсын, әлем болсын сый – осы.
Сен де маған бір жақсылық тілеші.
Тіршіліктің туыс еткен барлығын
Қандай ғажап тәңірліктің жүйесі!