04 мау, 2018 сағат 11:16

Менингококк инфекциясы: 7 қазақстандық реанимацияда жатыр

Қазіргі уақытта Қазақстанда 34 адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдіктен ауруханаға жатқызылды, олардың жетеуі реанимацияда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда менингококк инфекциясын жұқтырған адамдар туралы мәліметтерді нақтылады.

«Жалпы алғанда, бүгінге дейін 128 адам осы инфекцияға байланысты ауруханаға жатқызылды. Олардың 82-сі жазылып шықты, 12 адам қайтыс болды. Әлі 34 пациент емделіп жатыр, олардың жетеуі реанимацияда» деді Біртанов.

Ол аурудың көбіне Алматыда таралып отырғанын айтты. Жыл басынан бері Алматыда 80 адам менингококк инфекциясы бойынша күдікпен ауруханаға жатқызып, олардың 35-інде ауру расталмаған.

«Бүгінде 13 науқас тексерілу үстінде. Тексеру бес тәулікке дейін зертханалық түрде жүреді. 32 адамда ауру расталып, олардың алтауы қайтыс болды» деп мәлімдеді министр.

Бүгін Қазақстанда менингиттен тағы екі адам қайтыс болды. Олардың біреуі Қызылорда тұрғыны болса, екіншісі алматылық. Екеуінің де жасы 27-де болған.