Қазақстандық теннисші Александр Бублик азаматтығын ауыстыру және ұлттық командадағы болашағына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Бублик қазақстандық құрамаға Дэвис кубогының финалдық турниріне шығуға көмектескен, енді ол өзінің болашағы туралы айтты.
"Менде енді ресейлік төлқұжат жоқ, себебі қос ел азаматы бола алмаймын. Ресейдің теннис федерациясына еш қатысым жоқ. Мен қазақпын, бұл ел үшін алты жыл ойнап келемін. Дэвис кубогі, Азия және Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан шығатыныма мақтанамын", - деп береді теннисшінің сөзін Eurosport.de.