16 ақп, 2022 сағат 13:56

Мемлекеттің қолдауымен 492 мың дана әлеуметтік маңызы бар кітап шығарылды


Өткен жылы ел аумағындағы 49 тарихи-мәдени нысанда қалпына келтіру жұмыстары басталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ведомствоның мәдениет, архив ісі және баспа мәселелеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде мемлекет тарапынан тарихи нысандарға қандай қамқорлық көрсетіліп жатқанын баяндады.

«Еліміздің барлық өңірінде 89 мәдениет нысанының құрылысы аяқталып, 263 мәдениет нысаны жөнделді. Қарағанды облысы Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталды.

«Сарайшық», «Әзірет Сұлтан», «Ордабасы» тарихи-мәдени музей-қорықтары аумағында заманауи визит-орталықтардың құрылысы басталды.

Қожа Ахмет Яссауи, Рәбия Сұлтан Бегім, Есім хан, Тәуке хан, Қылует жерасты мешіті сияқты тарихи-мәдени мұраға жататын 49 нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Ведомство басшысы тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялық жұмыстарды бағалау нормативін алғаш бекіткенін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттық қойылымдар жоғары деңгейде өткізілді.

Мемлекет қолдауымен жалпы таралымы 492 мың дана болатын 168 әлеуметтік маңызы бар туынды басып шығарылды», - деді министр.