24 шіл, 2025 сағат 18:41

Мемлекеттік органдарға 6 айда 2,7 миллионнан астам өтініш түсті – Бас прокуратура дерегі

Фото: Elorda.info

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан азаматтары мемлекеттік органдарға 2 712 780 жолданым жіберген. Бұл туралы Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мәлім етті, деп хабарлайды Ult.kz.

Жолданымдардың 65%-ы, яғни 1 766 120 өтініш орталық мемлекеттік органдардың үлесіне тиесілі.

Ең көп өтініш түскен ведомстволар:

  • Ішкі істер министрлігі392 114,

  • Қаржы министрлігі250 465,

  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі146 273.

Азаматтарды толғандырған негізгі мәселелер:

  1. Салықтық және кедендік әкімшілендіру212 241 жолданым (8,8%):

    • Салықтық – 161 мың,

    • Кедендік – 48,6 мың.

  2. Сот төрелігі және сот актілерін орындау161 619 өтініш (6,8%):

    • Сот актілерін орындау – 92,6 мың,

    • Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер – 31 мың.

  3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық160 734 жолданым (6,7%):

    • Коммуналдық қызметтер – 131 мың,

    • Тұрғын үй қоры – 18,1 мың,

    • КСК, ОСИ, кондоминиум – 11,9 мың.

  4. Қоғамдық және жол қауіпсіздігі139 903 өтініш (5,9%):

    • Жол қозғалысы – 58,7 мың,

    • Әкімшілік тәжірибе – 60,5 мың,

    • Қоғамдық тәртіп – 13,5 мың.

  5. Жер және жер пайдалану117 132 жолданым (4,9%):

    • Жер заңнамасы – 73,7 мың,

    • Жермен қамтамасыз ету – 44,2 мың.

Бұл көрсеткіштер азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейінің бір көрінісі ретінде бағаланады. Сонымен бірге, өзекті мәселелерді жүйелі шешуді қажет ететін салалар да анық байқалып отыр.