23 сәу, 2025 сағат 15:48

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы талқыланды

Фото: Ұйымдастырушылардан

 

Алматыда «Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі ұйымдастырған шарада мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы талқыланды, деп хабарлайды Ult.kz.


Қазақстан, Германия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 150-ден аса заң шығарушы, атқарушы және сот билігі өкілдері, халықаралық ұйымдардың сарапшылары, журналистер мен ғалымдар қатысқан іс-шараның мақсаты БҰҰ-ның – «Бейбітшілік, әділет және тиімді институттарды» қолдау және қазіргі өзгермелі дәуірде мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді серіктестікті нығайту. Осылайша, екі күнге созылған халықаралық жиын мемлекет пен қоғамның арасындағы байланысты нығайтуға арналған ашық пікір алаңына айналды.


Басқосуда алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген университет Президенті Қанат Қожахметов университеттің басты миссиясы – кәсіби мамандар даярлау арқылы азаматтық қоғамның дамуына серпін беру екенін баса айтты. Сонымен қатар жастарды жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеу университет үшін әрқашан басымдық болып қала беретінін, сол үшін азаматтық қоғамның білім мен көшбасшылық орталығына айналуымыз керек. Бүгінгі конференция – осы бағыттағы нақты қадам», – деді.


 Ғылыми конференцияда көтерілген негізгі мәселелер мынадай:


·  мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру және ашықтықты арттыру;
·  азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылдың құқықтық механизмдері;
·  қоғамдық кеңестердің рөлі және құқықтық процестерге қатысу;
·  жасанды интеллектіні енгізудің этикалық аспектілері;
·  жаһандық өзгерістер жағдайындағы қоғамдық институттардың тұрақтылығы.


Конференция қорытындысында


·  азаматтық белсенділік пен ҮЕҰ қызметін реттеуді бағалауды күшейту;
·  ашықтық бастамаларын мониторингілейтін жұмыс тобын құру;
·  цифрлық шешімдерді әзірлеуде ғылыми қауымдастықпен ынтымақтастықты арттыру
·  ұлттық даму стратегияларына конференция материалдарын енгізуге қатысты бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.


Университеттің Құқық және Мемлекеттік басқосу мектебінің професооры Гүлмира Серікбайқызы «Бүгінгі конференция аясында Нархоз университетінің БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы бойынша №16 Тұрақты даму мақсаты аясында жаһандық хабтың төраға орынбасары болғандығы ресми хабарланды. Бұл мандатқа әлемнің 330-дан аса оқу орны таласты, үлкен іріктеу болды. Президентіміз Қ.Тоқаев мұндай ұсынысты соңғы 5–6 жыл бойы Америкаға ұсынған, бірақ бірнеше жылдық талқылаудың нәтижесінде осы жылы қабылданды. Енді алдағы үш жыл бойы әлемнің 1500 университеті, 150 колледжімен бірігіп, бейбітшілік, әділеттілік және тұрақты институттарды орнату, дамыту бағытында жұмыс істейміз. Біздің басты нысанамыз жаңа айтылған үш бағыт бойынша терең білім беру, оқыту. Соның аясында әлемнің университеттеріне жаңа оқу модульдарын ұсына аламыз», – деді.

 

Элеонора Әзіржан