07 ақп, 2018 сағат 14:53

Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жалақы жұмыстарына сай төленетін болды

«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында мемлекеттік және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру тәжірибесін қолдануға кірісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Төмен жалақы сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады», - деді тұсаукесер рәсімінде жоба жетекшісі Жазира Жылқышиева.

Оның айтуынша, басшылардың жалақысымен олардың бюджеттік қаражатты игеру жауапкершілігін ешбір салыстыруға келмейді. Мәселен, облыстық басқарма басшысы 200 мың теңге кемінде жалақымен 3 миллиардтан астам теңге игеруді көздейтін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.

Басқа мысал: өңірлік деңгейдегі қызметшінің лауазымдық еңбекақысы 54 мың теңге болса, тексеру жүргізу кезінде 1 млн теңгеден (500 АЕК) асатын өлшемдерде айыппұл салуға уәкілетті.

Басқаша айтқанда, тәуекелді лауазымдар тізбесі бар, олар ерекше көзқарасты талап етеді. Жазира Жылқышиеваның айтуынша, мұндай лауазымдардың тізілімін қалыптастыру қажеттілігі туралы бірнеше рет айтылған.

Мемлекеттік қызметшілердің жалақыны көтеру бойынша факторлық-баллдық пилоттық жоба ретінде Агенттіктің, Әділет министрлігінің, Маңғыстау облысы және Астана қаласы әкімдіктерінде енгізіліп отыр. Мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақыны жетілдіру бойынша жоба кеңсесі талдау жүргізіп, ұсынымдар әзірлейді.

Астана қаласында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана әкімдігімен бірлескен «Астана – адалдық алаңы» жобасы бастау алды. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «Астана – адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойды.