- Министрлер кабинеті мен Өзбекстан Парламенті Ислам Каримовты жерлеуді ұйымдастыру жөніндегі Мемлекеттік комиссияны құру туралы бірлескен қаулы жариялады.
Мемлекеттік комиссия Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президентін мәңгі есте сақтау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.
«Бір ай мерзімде халықтың, кәсіпорындар, ұйымдар, оқу орындары, жұртшылықтың пікірлерін ескеріп, Өзбекстан республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовты мәңгі еске сақтау бойынша ұсыныстар енгізілсін», - делінген қаулы мәтінінде.
Еске сала кетсек, ел билігі Өзбекстан басшысының қайтыс болғанын ресми кеше хабарлаған еді. Ислам Каримовты бүгін Самарканд қаласына жерлейді. Елде үш күнге созылатын қаралы күн жарияланған. Өзбекстан Президентінің денесін бүгін таңертең Ташкент көшелерімен ақтық сапарға алып өтті. Қала тұрғындары көшенің екі жағына сапқа тұрып Мемлекет басшысымен қоштасты.
Жерлеуді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына төмендегілер кірді:
Ш.М. Мирзиёев- Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі, комиссия төрағасы;
Н.Т. Юлдашев - Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары;
Н.М. Исмаилов- Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Заңнамалық палатасының спикері, комиссия төрағасының орынбасары;
Р.Р. Иноятов - Өзбекстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы;
Р.С. Азимов - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Өзбекстан Республикасы Қаржы министрі;
З.Х. Хайдаров - Өзбекстан Республикасы Президенті Аппарат істері басқарушы;
Д.А. Назармухамедов- Өзбекстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі;
Х.М. Султанов - Өзбекстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі;
В.В. Махмудов - Өзбекстан Республикасы жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
М.Т. Ерниязов- Қарақалпақстан Жокаргы Кенесінің төрағасы;
А.А. Ахмедбаев- Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрі;
К.Р. Бердиев- Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрі;
А.Х. Камилов - Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі;
Р.Д. Курбанов - «Республикалық мамандандырылған кардиология орталығы» акционерлік қоғамының директоры, Өзбекстан Батыры;
Б.Ш.Мирбабаев - Өзбекстан Республикасы Конституциялық сот төрағасы;
О.Ж. Раматов - «Ўзбекистон темир йўллари» акционердік қоғамының төрағасы, Өзбекстан батыры;
К.С. Санакулов - Науои тау-кен-металлургиялық комбинатының бас директоры, Өзбекстан батыры;
З.Т. Мирзаев - Самарқанд облысының хокимі;
Б.Ганиев - «Камолот» қоғамдық жастар қозғалысы орталық кеңесінің төрағасы;
Ш.Г. Усманов - «Нуроний» республикалық қорының төрағасы;
Р.Д. Усманов - Ташкент қаласының хокимі;
М.А. Шарапова - Кашкадарья облысы Карши қаласының №2 мамандандырылған мектеп-интернатының математика мұғалімі, Өзбекстан батыры.