Мемлекеттік қолдау көрсетілетін ірі компаниялардың тізімі жасалып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінде шағын және орта бизнес күрделі жағдайға тап болды. Осы салаға қазір көмектеспесек, экономиканы қалпына келтіре алмаймыз. 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржыны үнемдей алады. Шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінді», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, жұмысшы санын және еңбекақы көлемін азайтпау мақсатында ірі компанияларға тиісті қолдау көрсетіледі.
«Қазір олардың тізімі жасалуда. Оған ел экономикасы үшін аса маңызды компаниялар ғана енгізіледі»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.