10 сәу, 2020 сағат 15:08

Мемлекет пен бизнес азаматтардың денсаулығынан үнем жасамауы тиіс - Тоқаев

Мемлекет те, бизнес те азаматтардың денсаулығынан үнем жасамауы тиіс. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шарттарының бірі тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірушілерден кемінде 90 пайыз көлемінде сатып алынуы саналады. Базалық материалдар бойынша отандық өндіріс ішкі нарықты қажеттілігін жаба алатындығын атап өткен орынды. Олар мынадай тауарлар: цемент, тауарлық бетон, гипс, құрылыс ерітінділері, гипсокартон. Бізде 12 цемент, 27 кірпіш зауыты, 3 арматура өндіруші, 5 бояу өндіруші, 10 құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруші, 1 кереамикалық бұйымдар зауыты жұмс істейді. Әрбір өңірде тауарлық бетон мен бетон бұйымдарын өндірушілер бар»,- деді Мемлекет басшысы. 

Президенттің атап өтуінше, құрылыс материалдардың бағасына қатысты да мәселе өзекті. Құрылыс жобаларындағы шығындардың мұндай түрі 60 пайыздан астамды құрайды. 

«Базалық материалдардың құнына лайықты бақылаудың болмауы алыпсатарлық пен бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануға алып келеді. Мемлекеттік комиссия әкімдермен бірлесіп, Жұмыспен қамту жол картасы аясындағы жұмыстар жүргізудің қауіпсіздігі мәселесін шешуі тиіс. Тұратын орындар, тамақ дайындайтын және ішетін орындар, санитарлық желілер және басқалары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай болуы және үнемі санитарлық өңдеуден өтіп тұруы тиіс. Мемлекет те, бизнес те азаматтардың денсаулығынан үнем жасамауы тиіс. Бөлінетін қаражат пен жүзеге асырылатын жобалар арнаулы топтың қатаң бақылауында болады. Президент Әкімшілігіне аталған топтың құрамы мен жұмыс тәртібін анықтауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.