Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Ult.kz.
Сонымен қатар Президент Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, Санаэ Такачи Жапонияның Премьер-министрі қызметіне сайланды. Ол Жапония тарихында Үкімет басқарған тұңғыш әйел болады.
Ол ұзақ жылдар Өкілдер Палатасының депутаты болған. Шинзо Абэ кабинетінде 2014-2017 және 2019-2020 жылдары Ішкі істер министрі (құқық қорғау органы емес, ішкі саясат мәселелерімен шұғылданатын ведомство) қызметін атқарған.
Такаичи 4 қазан күні Жапония Либерал-Демократиялық Партиясының (билік басындағы партия) көсемі болып сайланған.
