02 там, 2025 сағат 13:49

Мемлекет басшысы Швейцария президентін құттықтады


Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай президент Карин Келлер-Зуттерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ult.kz .

Мемлекет басшысы ұлттың бірлігін, демократия дәстүрлерін және елдің бейтараптық қағидатына бейілдігін айшықтайтын мерекенің ерекше мәніне назар аударып, Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар Президент Қазақстан мен Швейцария қарым-қатынасының жоғары деңгейде екеніне тоқталып, қос халықтың игілігі жолында өзара ынтымақтастық нығая беретініне сенім білдірді.