Фото: Туризм және спорт министрлігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция астанасы Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерін марапаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Президент алтын медаль иегерлері, пара пауэрлифтингтен екі дүркін чемпион Давид Дегтяревті І дәрежелі "Барыс" орденімен, дзюдодан олимпиада чемпионыы Ақмарал Науатбекті ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.
Күміс медальға ие болған Еркін Ғаббасов, Нұрдәулет Жұмағали және Ерғали Шәмей "Парасат" орденінің кавалерлері атанды.
"Құрмет" орденін қола жүлдегерлер Дастан Мұқашбеков, Зарина Райфова, Даяна Федосова және Жұрқамырза Шүкірбеков иеленді.
Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушылары арасынан 5 азаматқа "Парасат" ордені, 7 адамға "Құрмет" ордені берілді. Ал 2 жаттықтырушы президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өткен паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 9 медаль жеңіп алған еді.
Алтын медаль жеңгендер:
Давид Дегтярев – пара пауэрлифтинг;
Ақмарал Науатбек – пара дзюдо.
Күміс медаль жеңгендер:
Еркін Ғаббасов – пара нысана көздеу;
Нұрдәулет Жұмағали – пара жүзу;
Ерғали Шамей – пара дзюдо;
Қола медаль жеңгендер:
Даяна Федосова – пара дзюдо;
Дастан Мұқашбеков – пара жеңіл атлетика;
Зарина Раифова – пара дзюдо;
Жұрқамырза Шүкірбеков – пара дзюдо.