07 шіл, 2024 сағат 13:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады


Фото: Ақорда


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады. 


– Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін! - деп жазды Мемлекет басшысы. 


Жыл сайын 7-шілдеде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін тойлайды. 


Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Мереке ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту мақсатында бекітілді.