Елбасы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу кезінде Мемлекет басшысына өңірдің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ облыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есеп берілді.
Ералы Тоғжанов Қазақстан Президентіне өнімділікті арттыру және өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатымен қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімдеді.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғын үйлер мен студенттік жатақханалар салу, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі бағдарламаларды іске асыру нәтижелері, сондай-ақ өңірдің туристік әлеуетін дамыту барысы мен коммуналдық қызметтерге қатысты тарифтерді реттеу саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.