Фото: Ақорда
Асхат Жұмағали Президентке Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ult.kz.
2025 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы:
- - сыбайлас жемқорлыққа қатысты 521 қылмыс тіркелген;
- - 257 лауазымды тұлға әшкереленді, олардың 141-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар;
- - сотқа 366 қылмыстық іс жіберілді;
- - мемлекет пайдасына 15 млрд теңге өтелген;
- - 2022 жылдан бастап жалпы сомасы 1,13 трлн теңге болатын активтер қайтарылған;
- - мемлекеттік сатып алу мен қаржының мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу барысында 21,2 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
- - «Заң және тәртіп», «Адал азамат» тұжырымдамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 3 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, оған 450 мыңнан астам азамат қатысқан;
- - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылып жатыр;
- - Агенттік еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының Академиялық адалдық лигасымен жұмысты қолға алды.
Халықаралық ынтымақтастық
ЭЫДҰ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобымен тығыз ықпалдастық бар. Агенттік Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар қауымдастығымен берік байланыс орнатқан және биылғы ақпан айында аталған ұйымның Атқару комитеті құрамына кірді.
Сыбайлас жемқорлық индексі
Былтыр Transparency international сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан 40 балға ие болып, 180 елдің арасында 88-орынға тұрақтады.
Президент еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды одан әрі жалғастыру, тамыр жайған қылмыстық тізбектің жолын кесу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.