Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасының Президенті Петр Павелді елінің Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.
Құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың берік екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент екі ел арасындағы сан қырлы байланыстардың алдағы уақытта да халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Петр Павелге жауапты қызметінде табыс, ал чех халқына амандық пен бақ-береке тіледі.
