Фото: twitter.com/FIDE_chess/
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан блиц бойынша әйелдер арасында әлем чемпионы атанған даңқты шахматшы Бибісара Асаубаеваны құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы екінші рет қатарынан алтын медаль иеленген Бибісараның жеңісі оның асқан шеберлігі мен ерен ерік-жігерін тағы бір рет паш еткенін атап өтті.
Оның айтуынша, әлемдік сайыстағы отандық спортшылардың осындай елеулі жетістіктері елімізді интеллектуал ұлт ретінде танытып, Қазақстанда шахмат спортының дәріптелуіне ықпал етеді және мыңдаған жас өрендерді жігерлендіреді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваға әлемдік шахмат аренасында жарқын жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.