Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рельс-арқалық зауытында болды. Мұнда Еуропалық стандартпен сай рельс шығарылады. Рельстер ірі магистрльді жолдарға да арналған. Жоба қуаттылығы бойынша мұнда жылына 430 мың тонна өнім өндіріледі. Оның тең жартысы рельс. Елбасы зауыттың жұмысымен танысып, жас мамандармен тілдесті.
«Біз рельстердің металлографикалық микро жəне макро қысымнын зерттейміз. Зауыт тарапынан металлографиялық талдауды арнайы Санк-Петербург қаласынан оқып келдік. Рельс сапасы өте жоғары. Біз жұмыс істейтін қондырғылар əлемде ең үздік болып табылады. Зауыттағы əлеуметтік жəне еңбек жағдайына ризамыз. Əмбебап өндірісте жұмыс істеп жүргенімді мақтан етемін. Сізге зор алғыс білдіремін», - деді зауыттағы металтану зертханасының жұмысшысы Айым Сексенбаева.
Өз кезегінде Елбасы жұмысшы жастармен суретке түсіп, сəттілік тіледі.
«Ақтөбе бір миллион адам болатын қалалар қатарына кіреді деп бəрін істеп жатырмыз. Мынау біздің Отанымыз. Отанымызға мұндай зауыттың талайын саламыз. Ақтөбеде Қытайға өтетін жол бар, темір жол бар, газ бар. Мұндай жағдай көпшілігінде жоқ. Бақыттысыңдар, аман болыңдар», - деді Елбасы.
Айта кетейік, Ақтөбеде шығарылған рельс «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде кең қолданылып жатыр. Алматы-Шу бағытындағы теміржолға ақтөбелік рельс төсенді. Құрық теңіз портының құрылысы мен Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалының құрылысы кезінде отандық өнім пайдаланылды. Ақтөбеден шығарылып жатқан рельстің сапасы жоғары қауіпсіздік талаптарына сай келеді.