Фото: ашық дереккөз
Әлеуметтік желілерде Қазақстан мектептеріне қарулы шабуыл жасауға дайындық жүргізіліп жатыр деген сипаттағы хабарлама тарады. ІІМ бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазір жалған хабар тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының мәліметінше, осыған ұқсас хабарламалар елімізде 2024 жылы тараған. Орталық сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуге және арандатуға ермеуге шақырды.
Егер күмәнді хабарлама келсе, бірден құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.
