09 шіл, 2025 сағат 16:05

Медициналық колледждерге қабылдау ережесі өзгерді

Фото: ҚР ДСМ

Медициналық колледждерге түсу үшін таңдалған мамандыққа байланысты екі пәннің біреуі бойынша арнайы емтихан енгізілді. Енді бұл стоматология мен ортопедиядан басқа барлық медициналық мамандықтарға түсушілер үшін міндетті болады, деп хабарлайды Ult.kz.

Емтихан бейіндік пәндер бойынша базалық білімді, сондай-ақ талапкердің мотивациялық деңгейін бағалауды қамтиды. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп талапкерлер мен олардың ата-аналарын қабылдаудың жаңа шарттарымен мұқият танысуға және арнайы емтиханға алдын ала дайындалуға шақырады.