Коллаж: Ult.kz
Бүгін, 15 қазанда Парламент Мәжілісі отырысында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қаралған. Заң жобасының талқылауы кезінде Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутат Мұрат Әбеновтің сөзін мысқылмен бөлді. Ал Әбенов Қазақстан Ұлттық арнасындағы фильмдерді сынға алды. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
Мәжілісмен Мұрат Әбенов баяндамашы Ішкі Істер Министрі Ержан Сәденовке сауал қою үшін микрофон алды да, депутат көтерген мәселелердің көбін Ішкі Істер Министрлігі елеусіз қалдырмайтынын айтып, қолдап жатқанына алғыс білдірді.
Депутат министрлік қолдаған мәселелерді тізіп жатқан кезде Мұрат Әбеновтың сөзін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бөлді:
"Мұрат Абдуламитұлы, сұрағыңызды қойыңыз. Ал министрді мақтауды қазір жарыссөзге жазылыңыз, сосын айтасыз", - деді.
Содан кейін Мұрат Әбенов нақты сұрығына көшті. Ол сұрағын Мәдениет және Ақпарат Министрлігіне арнады.
Ұлттық арна мемлекеттік саясатқа қарсы ма?
“Сіздермен бірге насихаттау мәселесі өте аз. Ұлттық арнадан кеше кино болып жатыр. Ұлттық арна! Президент тапсырма берді. Кино болып жатыр қазір. Сериал. “Көнбесең алып қашамын” дейді. “Ештеңе қылмайды, мені де алып қашқан, аман-есен жүрміз” дейді. Бұл не сонда?! Сонда Ұлттық арна мемлекеттік саясатқа қарсы жүргізіп жатыр ма деген ой келеді. Екі министрлік бірін бірі естімей ме деген ой келеді. Біз заң шығарамыз, ол заңға менсінбей күлкі қылып қарау дұрыс емес деп ойлаймын”, - деді Әбенов.
Сұраққа жауап берген Министр Ержан Сәденовтің айтуынша заңға қайшы контент болған жағдайда бұғатталып, Ішкі Істер Министрлігі сараптама жүргізіп, шешім қабылдайды екен.
“Әрине жаңағы фильмдер сияқты мәселелер өтіп кететін шығар. Ол енді кемшіліктер. Сол себепті ескеріп, жаңа заң қабылданса да оны ары қаратай нақтылау жұмыстарын жүргіземіз”, - деп жауап берді министр.
Балжан Жеңісқызы
