Фото: Pixabay.com
Маусым айының басында елімізде 40 градусқа дейін күн ысиды.Әсіресе, бұл Қазақстанның оңтүстігі мен батыс өңіріне қатысты, деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК синоптиктері.
2024 жылғы 4-6 маусымға арналған болжамға сәйкес, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.
Метеорологтар атап өткендей, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ жауып, екпінді желмен бірге найзағай ойнап, жаңбыр жауатын атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады.
Сондай-ақ Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілетіні айтылған:
республиканың батысында +30+39 °C дейін,
солтүстік-батыста +25+35 °С дейін,
солтүстікте +23+30 °С,
Республиканың орталығында және шығысында +25+33 °C дейін,
оңтүстігінде +35+40 °С дейін,
оңтүстік-шығыста +28+35 °C дейін.