25 нау, 2024 сағат 17:20

Мәскеудегі террактіден кейін Тәжікстан оппозициясы мәлімдеме жасады


Мәскеудегі шабуылдан кейін көптеген азаматы Тәжікстан тумасы болып шыққан тәжік оппозициясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тәжік президентінің саяси қарсыластары тәжіктердің радикалдануы және олардың Ирандағы, Түркиядағы, Еуропадағы терактілерге қатысуы халықтың еңбек көші-қоны салдарынан деп атады. 

Еңбек мигранттарының негізгі барар елі – Ресей, бұл елде 1,5 млн-нан 2,5 млн адамға дейін жетеді екен. Олардың көпшілігі Ресей азаматтығын алғаны айтылады. 

Былтыр 174 мыңнан аса тәжікстандық нәпақа табу үшін Ресейге аттанған.

Ал осы уақытта тәжік президенті Эмомали Рахмон мәлімдеме жасады. Ол тәжік азаматтары қатысқан терактілер көбейгенін айтқан. 

"Кейінгі жылдары әлемнің басқа елдерінің аумағында Тәжікстанның кейбір азаматтары тарапынан терроризм актілерінің саны артты... Кейінгі 3 жылда әлемнің 10 еліндегі 24 азаматымыз шабуыл жасады, соның ішінде халық арасында жарылыстар болды", - деді Тәжікстан президенті.


Ол Тәжікстанда 10 жыл ішінде экстремистік және террористік сипаттағы 6 680 қылмыс анықталғанын атап өтті.