Мәскеудегі жойқын дауылдан жапа шеккендердің саны 140 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС.
«Қазіргі сәтте жедел жәрдем көмегіне 140 адам жүгінген және бұл соңғы көрсеткіш емес», - деп мәлімдеген Мәскеудің төтенше жағдай қызметі.
Дауыл 14 адамның өмірін қиып кетті. Қала мэрі Сергей Собянинаның айтуынша, Мәскеу билігі қаза тапқан адамдардың жанұясына 1 млн. рубльден өтемақы төлеп береді.
Еске сала кетейік, кеше, 29 мамырда Мәскеуде алапат дауыл тұрған еді. Жылдамдығы секундына 22 метрге жеткен жел 600-ден аса ағашты құлатып, шатырларды ұшырып әкетті, қақпалар мен жарнама құрастырмасын қиратқан болатын.