29 шіл, 2025 сағат 15:06

Марғұлан Сейсембаевтың құс фабрикасында өрт шықты. Адам шығыны бар


Фото: Видеодан скриншот

Ғалымжан Есенов, Марғұлан және Сәуле Сейсембаеваға тиесілі Алматы облысындағы "Алель Агро" құс фабрикасында өрт шықты. Адам шығыны бар, деп хабарлайды Ult.kz ГосАрхив telegram арнасына сілтеме жасап.

Өрт 28 шілдеде Ащыбұлақ ауылында зауыт аумағындағы асхана ғимаратында басталды. Өрт 450 шаршы метрді қамтыған, сөндіру кезінде құтқарушылар ер адамның денесін тапты.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Айта кетейік, «Алель Агро» Акционерлік Қоғамы бройлер құс етін өндіру және сату бойынша Қазақстандағы ең ірі өндірістік компаниялардың бірі. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаттылығымыз — 60 000 тонна.

Компанияның мәліметінше, 2023 жылы 54,6 мың тонна құс еті мен қосалқы өнімдер өндірген. «Алель Агроның» кірісі 2023 жылы 45 млрд теңгені құраса, 2024 жылы 45,7 млрд теңге болған.

"Алель Агро" АҚ Ғалымжан Есеновке (Forbes Kazakhstan бай бизнесмендерінің 15 рейтингі) — 44,04 %, Марғұлан Сейсембаевқа (Seimar Ltd арқылы) — 20,64 %, Сәуле Сейсембаеваға (agros Ltd арқылы) — 13,43% тиесілі.