Фото: Turanasia.kz
Үкімет Маңғыстау облысында туризмді дамытуға арналған 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жоспар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде әзірленіп, аймақтың әлеуетін барынша тиімді пайдалануға бағытталған.
Жоспар аясында не көзделген?
9 бағыт бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі:
— Инфрақұрылым,
— Логистика,
— Цифрландыру,
— Қауіпсіздік,
— Кадр даярлау,
— Инвестиция тарту және тағы басқалар.
Жалпы, 100-ден астам нақты іс-шара қолға алынады.
Туризмнің жаңа маржаны — Кендірлі
Туризмнің негізгі нүктелерінің бірі ретінде Кендірлі туристік аймағы таңдалды. Мұнда:
✔️ Инженерлік инфрақұрылым дамиды,
✔️ Сумен және электрмен жабдықтау мәселелері шешіледі,
✔️ Жаңа әуежай салынады,
✔️ Көлік қатынасы жақсарады.
Экобелсенділер мен инвесторлардың ұсыныстары да назардан тыс қалмады.
Ақтауда теңіз вокзалы мен халықаралық стадион салынады
Сонымен қатар:
— Ақтауда теңіз вокзалы бой көтереді;
— Халықаралық деңгейдегі спорт стадионы салынады;
— Туризмді таныту мақсатында мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады.
ШОБ пен инвестицияға жаңа серпін
Кешенді жоспар арқылы:
🔹 Туризмді жеңілдетілген несиелеу іске қосылады («Каспий ӘКК» арқылы),
🔹 Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі,
🔹 Инвестициялық ахуал жақсарады.
Нәтиже қандай болады?
2029 жылға дейін мынадай өсім күтілуде:
- Ішкі туристер – 430 мыңнан 520 мың адамға дейін
- Келуші туристер – 89 мыңнан 143 мың адамға дейін
- Туризмдегі жұмыс орындары – 1,7 мыңнан 2,7 мыңға дейін
- Жеке инвестиция – 198,9 млрд теңге
- Аймақ экономикасындағы туризм үлесі – 2,2%-дан 3,6%-ға дейін
Маңғыстау – келешегі кемел өңір. Туризмді дамыту – экономикалық өсудің жаңа драйверіне айналмақ.
