09 сәу, 2024 сағат 12:10

Маңғыстауда ер адам әйелін балалар алаңында соққыға жыққан

Желіде ер адамның балалар алаңында әйелін ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады.

Полицияның мәліметінше, оқиға 7 сәуір күні Маңғыстау облысында болған.

Видеодан әйелдің жанында баласының ойнап жүргенін көруге болады. 

Ер адам әйеліне жақындап, жұдырығымен соққы жасайды. Сосын жағасынан ұстап, итеріп жібереді, әйел жерге құлайды.

"Құқық бұзушы анықталып, Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында. 


Полицияның мәліметінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар туралы іс сотқа жолданған.