24 қар, 2025 сағат 11:56

Маңғыстау облысында түлкі мектеп оқушыларына шабуыл жасады

Бейнеу ауылында жабайы түлкі Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің жанында екі оқушы қызды тырнап алған, деп хабарлайды  Ult.kz тілшісі Jagdai kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Жарақат алған 1-сынып және 9-сынып оқушыларына дереу көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілді. Қыздарға екпелер жасалды, жағдайы жақсы.

Түлкі атып өлтіріліп, Ақтаудағы ветеринарлық зертханаға сараптамаға жіберілді.


Фото:Jagdai kz