Фото: ivteleradio.ru
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 2020 жылы туған бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бала түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді және ол дәрігерлердің бақылауында.
Төтенше жағдайлар министрлігі кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.