27 қар, 2017 сағат 10:58

Мәңгілік ел мұраты - ғаламдық ғылымды игеру

Ұлттық құндылығымызды сақтай отырып, дамыған 30 елдiң қатарына енудi мақсат еткен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында әсiресе, бiлiм мен ғылымға айрықша басымдық берiлiп отыр.

Қоғамда жеке тұлға қалыптастыру әрбiр педагогтың мiндетi. Ғаламдық ғылымды игерген, бәсекеге қабiлеттi ұрпақ тәрбиелеуге көңiл бөлу керектiгi нақтыланған. Бұл орайда әрбiр қазақстандықтың сауатты болуы, кез-келген ақпараттан хабардар болмағы, шетел тiлдерiн меңгеруi маңызды рөл атқарады. Бүгiнгi таңда елiмiзде жүзеге асырылып отырған «Цифрлы Қазақстан», «Үш тiлде бiлiм беру», «Туған жер» сынды бағдарламаларының жемiсiн көрер уақыт жақын.

Ендеше, Елбасы ұсынған мiндеттер мен мақсаттар биiгiнен көрiне бiлсек, «Мәңгiлiк ел» мұратына қол жеткiзуiмiз қиын емес. Тек әрқайсысымыз рухани жаңғыруды өзiмiзден бастап, өзiмiздiң интеллектуалымызды, iшкi мәдениетiмiздi жоғары қоя бiлсек болғаны.  

Орта ғасырда өмiр сүрген Жүсiп Баласағұн: «Өнер, бiлiм – қос қанаты адамның, осыменен бiлерсiң тiлiн ғаламның» деген екен. Бiз бұл аксиомадан қазақ халқының баланың тәртiбiне, оның бiлiмiне әр кезеңде ерекше мән бергенiн аңғарамыз. Тәуелсiздiк алған жылдар iшiнде мемлекетiмiзде күрделi өзгерiстер орын алып, бiлiм саласында жаңа стандарттар  қабылданды. 

Бүгiнгi күнi «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Бәйдiбек аудандық бiлiм бөлiмiне қарасты бiлiм мекемелерiнде арнайы жоспар түзiлiп, нақты iс-шаралар жүзеге асуда. Мектептерде арнайы көрнекi құралдар жасақталып, мектеп кiтапханаларында рухани жаңғырудың мән-мағынасын жiтi түсiндiретiн бұрыштар ұйымдастырылды. Жер су тарихын бiлу арқылы жас ұрпақтың туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн арттыру мақсатында мектеп оқушыларын облыс көлемiндегi тарихи орындармен таныстыру үшiн «Туған жерге тағзым» атты керуен-шеру ұйымдастырылып, оған 500 оқушы қамтылды.

Сонымен қатар, барлық бiлiм беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» аясында «Мен — өз елiмнiң патриотымын» тақырыбы бойынша  сабақ, «Отбасы — рухани жаңғыру» ұранымен «Отбасы — бақыт мекенi» атты апталық, «Елдiң күшi — бақытты отбасы», «Отан отбасынан басталады», «Отбасым менiң бақытым» тақырыптарында тренингтер, кездесулер, тәрбие сағаттары өтуде.

«Туған жер — 2017» тақырыбы аясында оқушылар арасында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылып, «Өлкетану сағаттары» бойынша сабақ әр сенбi сайын жергiлiктi өлкетану мұражайларында өтуде. Оқушыларға әр елдi мекеннiң тарихы, жер-су аттары, табиғаты, тарихи-мәдени ескерткiштерi, сол ауылда туған танымал тұлғалар туралы жинақталған оқу құралын пайдалана отырып, қосымша бiлiм беру жұмыстары жүргiзiлiп келедi.

«Көп тiлдi бiлу баға жетпес байлық» тақырыбында мектеп кiтапханаларында «дөңгелек үстел» мәжiлiстерi ұйымдастырылып, «Тiл — рухани қазына» атты тақырыпта 9-11-сынып оқушылары арасында эссе жазудан байқау өттi. 

 Ал, бiлiм саласына мiндеттелген «Тәрбие және бiлiм» кiшi бағдарламасын жүзеге асыруда «Табиғат әлемi балалар көзiмен», «Алтын адам», «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты кiшi жобалар жүзеге асырылып келедi. 

Мемлекет басшысының мақаласында айтылған мәселелердiң бiрi қазақ әлiпбиiн латын графикасына көшiру болатын. Қазақ тiлi графикасының латын әлiпбиiне көшiрiлуiн талқылау мақсатында «Қазақ әлiпбиiн латын графикасына көшiру — заман талабы» тақырыбында педагогтардың басын қосқан аудандық семинар өттi.

Жуырда ғана «Ақ шағала» би байқауының қорытындысы бойынша С.Ерубаев, Боралдай, Шаян лицейi, жалпы орта мектептерiнiң оқушылары байқаудың облыстық кезеңiнде жүлделi  III орынды жеңiп алды.  «Рухани жаңғыру — ұлттық өрлеудiң ұлы күшi» атты облыстық жас тарихшылардың ғылыми-практикалық конференциясында Ы.Алтынсарин негiзгi орта мектебiнiң 8-сынып оқушысы Қарақас Шахан II орынды иеленiп, аудан мерейiн асқақтатты.

ҚР Президентiнiң қоры мен  «Kazakh Tourism ҰК» АҚ ұйымдастыруымен «Көшбасшы жолы» атты мектеп турына ауданымыздан 4 оқушы барса, қазақ тiлi мен әдебиетi саласы бойынша Рысбек Арапханұлы деген оқушымыз Дубай қаласында өтiп жатқан конкурста гран при иелендi.

Мұндай келелi жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Болашағымыздың бiлiмдi де бiлiктi мамандардың қолында болуы, елдiң өсiп-өрекендеуiне негiз қалайтыны белгiлi. Олай болса бүгiнгi мұғалiмнiң мiндетi — бiлiмдi ұрпақ тәрбиелеу. Әрiптестерiмдi осы мiндеттi адал атқаруға шақырамын.

Ақбала ҚҰЛЫМБЕТ,

Бәйдiбек аудандық бiлiм бөлiмiнiң басшысы.

"Оңтсүтік Қазақстан" газеті