02 нау, 2022 сағат 04:43

«Манас» жыры неміс тілінде басылып шықты


«Манас» эпосы неміс тілінде жарық көрді. Бұл туралы «Кабар» агенттігі Германияның Қызғызстандағы елшілігіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қырғыз-неміс дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығы аясында біз ерекше дүние ойлап таптық: «Манас» эпосы неміс тілінде және комикс түріндегі суреттермен безендіріле отырып шығарылды! Қазір ғана бояуы кеуіп үлгермеген алғашқы басылымды қолымызға алдық!» - делінген хабарламада.

«Манас» - тек қырғыз халқының ғана емес, күллі түркі елдердің тарихы мен салт-дәстүрінен, рухани әлемінен мол мағлұмат беретін энциклопедия тектес мұра. Манас батырдың дүниеге келгенінен бастап, бүкіл үрім-бұтағымен жалғасқан батырлық, ерлік дәстүр қоса жырланатын эпос. Онда қазақ халқының тарихына қатысты оқиғалар да кеңінен қамтылған, қазақ жырларымен сарындас тұстары да жетерлік.