10 мау, 2020 сағат 15:59

Мамыр айында инфляция 0,5% болды

2020 жылғы мамыр айында экономикалық жекелеген сегменттеріндегі бағалар өзгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, 2020 жылғы мамырда елімізде инфляция деңгейі 0,5% құрады. 

«Баға ауыл шаруашылығы өніміне – 1,5%, құрылыста және көтерме саудада 0,1%-дан өсті. Өнеркәсіпте 7,9% төмендеді. 

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері 0,3% төмендеді. Ал заңды тұлғаларға көрсетілген почталық, курьерлік және байланыс қызметтеріне тарифтер өзгеріссіз қалды», - делінген ақпаратта.