Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Жанна Мамажанова Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол марафонда сынға түсіп, Австриядағы жарыс жеңімпазы атанды. Жаннаның уақыт көрсеткіші – 2:29.01 секунд. Екінші орынды чехиялық Терезе Хрочова еншіледі, үшінші сатыда швециялық Ханна Линдхольм.