08 қаз, 2024 сағат 10:37

"Мал құрдымға кетті": Қарқаралы ауданының тұрғындары өрттен орасан зор шығынға ұшырап жатыр

Фото: "Патриот" Telegram-арнасы

Қарқаралы ауданында далада мал түтін мен өрттен өліп, жұрт жаппай шығынға ұшырап жатыр. Бұл туралы Telegram-дағы "Патриот" арнасы хабарланды.

"Жұрт ауыр күрсініспен жылқыларын, сиырларын және қойларын қауіпті аймақта қалдыруға мәжбүр, өйткені олар қатты түтіннің салдарынан оларды қауіпсіз жерге қуып әкете алмайды", - деп жазады арна авторлары.


Алайда халық қанша шығынға ұшырағаны туралы деректер жоқ.

Айта кетейік, екі күннен бері сөнбей жатқан дала өрті екі облыстың 45 мың гектар жерін шарпыған. ТЖМ күштері қолдан келгенін жасап жатыр. Павлодар облысындағы 10 мың гектар жердегі өрт оқшауланған. Ал Қарағанды облысында жағдай қиын.