- Македония аумағында ұсталған қазақстандық экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚРІІМ-нің баспасөз қызметі.
«Үстіміздегі жылдың 9 қарашасында Қазақстан ІІМ Интерполының және Бас прокуратураның қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы қаласының ІІД бастамасымен Қызыл бюллетень бойынша халықаралық іздеу жарияланған (тұтқындау және экстрадициялау мақсатымен) 35 жастағы Рукосуев Павел Анатольевичті экстрадициялады.
Биылғы жылдың 13 мамырында Рукосуев Македония аумағында қазақстандық Интерполдың сұрау салуы бойынша ұсталды», делінген хабарламада.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылғы наурыз - қыркүйек аралығында П.А. Рукосуев адамдармен топтасып, жалған құжаттарды пайдаланып, «РБК Банкінен» ақшалай несие алған. Шығын көлемі - 1 млрд. теңгеден асады.
Ұлт порталы