Фото: Elordainfo.kz
Тестілеу басталғалы 22 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу тапсырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 22%-ы шекті балл жинады. Ғылыми- педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 77 балды, бейінді бағыт бойынша 24 балл болды. Ең жоғары балл – 139.
Тестілеу басталғалы 32 қатысушы смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.
