Елімізде магистратура және докторантураға оқуға түсу ережелері өзгерді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.
«Біріншіден, магистратураға гранттар келесі жылдан бастап үміткерлердің бірыңғай емтиханының қорытындысы бойынша бөлінетін болады. Егер осыған дейін магистратураға гранттар ЖОО берілген болса, және олар өздері тапсырма дайындаған, өздері емтихан өткізіп, түсту туралы шешімді өздері қабылдаған болған, енді GMAT форматы бойынша бірыңғай емтихан болады. Яғни үміткерлерге Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін кешендік тестілеуден өту керек» дейді вице-министр.
Оның айтуынша, осы тестілеудің нәтижесі бойынша білім беру бағдарламалары тұрғысында жиналған баллдар бойынша саралау жүргізіліп, жоғары балл жинаған талапкерлер грант алады, сәйкесінше ерікті түрде өзі ЖОО таңдайтын болады.
«Осылайша, «грант магистранттың соңынан ереді» деген қағида жүзеге асырылады. Бұл ЖОО басекелестігін артуы тиіс және сөзсіз гранттардың ашық және әділ таратылуына септігін тигізеді. Магистратураға түсушілерге дайындық бағытының шеңберіндегі нақты білім беру бағдарламаларының тобын көрсету қажет. Үміткерлер шет тілін тапсырады (осыған дейін де солай болған), сондай-ақ білім алуға дайындыға бойынша және 2 салалық пәндер бойынша тестілер тапсырады», дейді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ докторантураға түсу ережесі де өзгеруіне қатысты тың ақпараттар айтылды.
Вице-министрдің хабарлауынша, оқуға түсуші докторантураның салалық пәні бойынша қай ЖОО-на түссе, сол жерде, сол университетте емтихан тапсырады, сонымен қатар шет тілін білетінін растайтын сертификат ұсынады.
«Мұндағы басты өзгеріс – енді докторантураға түсу үшін халықаралық сертификат (сәйкесінше, IELTS, TOEFL және т.б.) талап етілетінінде. Шет тілі бойынша тестілеу докторантура бойынша енді Ұлттық тестілеу орталығы арқылы өткізілмейді. Сондықтан докторантураға түсемін деп ниет білдірушілер осы бағыт бойынша дайындалулары тиіс», дейді ол өз жазбасында.