Чемпиондар Лигасының финалында Мадридтің "Реалы" жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Матчтағы жалғыз голды 59-минутта Винисиус Жуниор салды. 21 жастағы бразилиялық ойыншы қарсылас команда қорғаушыларының сылбыр қимылын байқап, ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланды. Осылайша, кездесу басталғалы "корольдік" клубтың "Ливерпуль" қақпасына жасаған алғашқы соққысы нәтижелі аяқталды.
Жалпы ойын барысында Юрген Клопп шәкірттері 90 минуттың ішінде 23 соққы жасап, оның тоғызын дәл бағыттады. 6 рет бұрыштама добын көтерді. Алайда Тибо Куртуа қақпасының саңылауын таба алмады. Қорытынды есеп 0:1.
"Реал" тарихында 14 рет Еуропаның басты клубтық турнирінің трофейін иеленді.