Тұңғышбай Жаманқұловтың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған видеоүндеуі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоүндеу Youtube хостингінде пайда болды. Айт кетейік, видео биыл 27 қазанда жазылып, тек кеше, 7 қарашада жария болып отыр.
"Аса құрметті президент мырза, қадірлі елбасы, қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы. Мен Тұңғышбай Жаманқұлов, өзіңіз жақсы білетін Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ өнеріне хал-хадерінше қызмет көрсетіп жүрген бауырларыңыздың бірімін. Видеосұхбат жүргізуге мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының менің төбеме төндіріп отырған қара бұлттары жайлы", - деп бастайды өз сөзін Тұңғышбай Жаманқұлов видеода.
Осыдан кейін ол ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен қарым-қатынасы, "Феникс" фильмінен қаражат жымқыру туралы тағылған айыпқа қатысты, сонымен қатар, "министрден қысым көрдім" деген Еңлік Сыдықованың видеосы жайлы айтады.
"Президент мырза, осы іске араласып, мені қорғауыңызды сұраймын. Халықтың алдында абыройымның төгілгенін қаламаймын. Мен сізге осыған дейін де хаттар жолдағанмын, бірақ хаттар сізге жетпеген көрінеді, сондықтан видеоүндеу жасауды ұйғардым", - дейді Жаманқұлов.
Ал өз кезегінде Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы видеоүндеудің уақытына, яғни оның қашан түсірілгеніне назар аудару керек екенін айтты. "Видеоүндеудің уақытына назар аудару керек. Бұл қай кезде болған. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін түрлі әдістерді қолданады. Елестетіп көріңіздер, жыл бойында осындай үндеулермен, бопсалаумен ресейлік компанияға 450 миллион теңге шығарғысы келді, ал бұл сол уақытта үш миллион доллар еді. Енді өздеріңіз шешім жасай беріңіздер, өздеріңіз көріп отырсыздар ғой, қандай қысымға төтеп беруім керек екенін көрдіңіздер. Мұның барлығы ақшаны сыртқа шығару үшін жасалған", - деді министр.
Айта кетейік, мұның алдында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын. Министрдің айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұлов кешірім сұрау үшін арнайы Астанаға келген. "Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын (...). Кепіл беруге де дайынмын", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Еске салайық, осыған дейін қазақстандық актердің ұсталғаны хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын